Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас аясында құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін 10 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат өз үйінде жанжал шығарып өз анасына былапыт сөз сөйлеген. Осы әрекетімен, азамат К. жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап құқық бұзышылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат К. құқық бұзушылық жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа  қарсы   әрекеттер, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған») кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге  қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі