Архив событий

04/08/2017

Степногорск қалалық соты сот шешімін орындамағандары үшін 106 азаматқа жаза тағайындады

04/08/2017

2017 жылдың 7 айында Степногорск қалалық сотында сот шешімін орындамағандары үшін Степногорск қала тұрғындарына қатысты 106 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулыларымен 106 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабында («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») көрсетілген құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 76 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде, ал 30 азаматқа әкімшілік айыппұл түрінде жазалар тағайындалды.

Бұланды аудандық сотында «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

04/08/2017

Бұланды аудандық сотында прокуратура, әкімдік, кәсіби емес медиаторлар, «Бұланды-Жастары» қоғамдық бірлестігі, БАҚ өкілдерінің және аудандық соты судьяларының қатысуымен «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы татуластыру рәсімдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасының м.а. Бақыт Ахметжанов «дөңгелек үстел» жұмысын аша отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған татуластыру рәсімдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтуларды талқылады

04/08/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында облыстық сот судьялары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтуларды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік

04/08/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы  кодексінің  653-бабына сәйкес процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) сотқа құрметтемеушілік болып

Целиноград аудандық сотында медиация институтын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

04/08/2017

Целиноград аудандық сотында медиаторлардың және Целиноград аудан тұрғындарының қатысуымен дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Қорғалжын аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында атқарылған сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өтті

04/08/2017

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Х.Кембаева  БАҚ өкілдерімен соттың 2017 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  баспасөз-конференция өткізді. Баспасөз-конференцияға аудан әкімі, прокуратура өкілдері,ауылдық округтерінің әкімдері, мекеме басшылары және қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері  қатысты.

Шортанды аудандық сотында әкімшілік іс медиацияны қолданумен қаралды

04/08/2017

Шортанды аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат М-ға қатысты  әкімшілік іс медиацияны  қолданумен қаралды.

Сот анықтағандай, азамат М. алкогольдік  масаң күйде жұбайына балағат сөздер айтып, үйден қудалаған.

Сотта  іс кәсіби емес медиатордың қатысуымен қаралып, дау бойынша  медиативтік келісім жасалды.

Сот қаулысымен әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібінде татуласуларына байланысты қысқартылды.

Сот шешімімен заңсыз жұмыстан шығарылған жұмысшы бұрыңғы жұмыс орнына қайта алынды

04/08/2017

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотымен азамат К. «Оркен» ЖШС-не еңбек келісім шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы және келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, облыстың сегіз ауданында азаматтарды қабылдайды

04/08/2017

Ағымдағы жылдың 9-11 тамызында Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Бурабай, Енбекшілдер, Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау, Аршалы аудандары мен Степногорск қаласының селолық округтарының әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары және ардагерлердің қатысуыларымен жұмыс кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық сотының төрағасы осы аудандардың соттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кестеге сәйкес, азаматтарды қабылдайтын болады.