Архив событий

09/08/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырыған ауданаралық сотының судьялары және сот қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды

09/08/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласында жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты бұл -  ұлттық кодын, тарихын сақтау туралы айтылған.

Рухани жаңғырту бойынша іс шараларды іске асыру аясында, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен сот қызметкерлері Көкшетау қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігі рәсімі қолданылды

09/08/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер «Б» төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, яғни  бір жолғы 6 000 000 теңге мөлшерінде салықтық берешекті уақытылы өтей алмайтындығы туралы арызбен жүгінді.

Сот өндіріп алушы Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының пікірін ескере отырып, жеке кәсіпкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімдерін қолдану туралы шешім қабылдады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

09/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Бұланды ауданының белсенділерімен кездесіп, аудандық соттың судьяларымен жұмыс кеңесін өткізіп, азаматтарды қабылдады.

Кездесу Бұланды ауданының Мәдениет Үйінде өткізіліп, оған аудан әкімі, аудандық маслихат, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілдері, Макинск қаласының және ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, ҮЕҰ-ның өкілдері, адвокаттар, медиаторлар, сонымен қатар, судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Еңбекшілдер ауданында аудан белсенділерімен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

09/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Еңбекшілдер ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі, селолық округтардың әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, медиаторлар мен ардагерлер қатысты.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніңдегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру туралы азаматтық іс қаралды

09/08/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніңдегі мамандандырылған ауданаралық сотында ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру  туралы азаматтық іс қаралды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылғы 7 айында қаралған сот істері бойынша брифинг өтеді

09/08/2017

2017 жылдың 11 тамыз күні сағат 10.00-де  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылғы 7 айында қаралған сот істері бойынша брифинг өтеді.

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

Есіл аудандық сотында 33 азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағандары үшін әкімшілік істер қаралды

09/08/2017

2017 жылдың 7 айында Есіл аудандық сотында  ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты 33 әкімшілік іс қаралды.