Архив событий

08/08/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады

08/08/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылы 9 тамызда сағат 16.00-де үш адамды (екi немесе одан көп адамды; кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды; аса қатыгездiкпен жасалған; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) өлтіру, ұрлық, тонау және жеке құжаттарды тонау, бойынша кәмелетке толмаған екі айыпталушы 2000 жылы туылған Э. және 2001 жылы туылған Н.-ға қатысты кылмыстық іс бойынша үкім жарияланады.

Зеренді аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібінде қаралды

08/08/2017

Зеренді аудандық сотында кәсіби емес медиатордың қатысуымен автокөлікті иеленіп алғаны үшін азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат К. алкогольдік масаң күйде азаматша М-нің автокөлігін иеленіп алған.

Сотта сотталушы жәбірленушімен татуласты.

Сот қаулысымен азамат К-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен

медиация тәртібінде татуласуына және келтірілген зиянды өтеуіне байланысты тоқтатылды.

Сотта алиментті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітілді

08/08/2017

Зеренді аудандық сотында қызы әкесінен колледждегі оқу мерзімінде оны күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар келесі шарттар негізінде медиативтік келісім бекітті: әкесі ай сайын қызының 21 жасқа толғанына дейін оны күтіп-бағуына алимент төлеуге міндеттенді, ал қызы өзінің талап-арызынан бас тартады.

Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ақылы жол қызметі үшін берешекті өндіріп алды

08/08/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А»  ЖК-не қатысты «ҚазАвтоЖол»Ұлттық компаниясы АҚ-ның  берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша  азаматтық іс қаралды.

Сотпен 2015-2016 жылдарда жауапкер «Астана-Щучинск» ақылы жолы қызметімен төлемсіз пайдаланғаны анықталды..

Төленетін учаскі бойынша жауапкердің автокөлік құралының жүру фактісі төленетін учаскілік бақылау бекеттеріндегі автокөлік құралының қозғалысының тіркеуімен дәлелденген.

Егиндиколь аудандық сотында 2 азаматтық іс сот бұйрығын шығарумен электронды форматта қаралды

08/08/2017

Егіндікөл аудандық сотында ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы 14 сот бұйрығы шығарылды, оның ішінде 2 азаматтық іс сот бұйрығын шығарумен электронды форматта қаралды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтеді

08/08/2017

2017 жылдың 9 тамыз күні сағат 17.00-де Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялар, Ақмола облысы бойынша «Медиацияны дамыту орталығының» медиаторлары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

2017 жылдың 7 айында Бурабай аудандық сотында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 74 азамат сотталды

08/08/2017

2017 жылдың 7 айында Бурабай аудандық сотында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 74 азамат сотталды.

Сот үкімдерімен азаматтарға келесі жаза түрлері тағайындалды: 19 тұлға бас бостандығынан айырылды, 6 тұлға шартты түрде сотталды, 17 тұлғаға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, 21 тұлға қоғамдық жұмыстарға тартылды, 4 тұлғаға айыппұл салынды және 7 тұлға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қылмыстық жазадан босатылды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтеді

08/08/2017

2017 жылдың 16 тамыз күні сағат  10.00-ден 13.00-ге дейін сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Потанина көшесі, 46 «А» үй, байланыс телефоны: 8(7162) 55-96-43

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

 

Егіндікөл аудандық сотында азаматтық істер оңайлатылған(жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралды

08/08/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 144-146-баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен сотты құрметтемеушілік үшін 9 қаулы мен 2 жеке ұйғарым шығарылды

08/08/2017

Сот беделі, сотқа қатысушы адамдардың абырой мен қадір-қасиеті - сот төрелігін жүзеге асырудың маңызды шарттары. Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені шығарылған сот актілерін тиісінше қабылдауға кері әсерін тигізеді.

Егіндікөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айының жұмысы қорытындыланды

08/08/2017

Егіндікөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 15  қылмыстық және 75 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 4 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.  Сот бұйрығын шығарумен 12  іс  қаралды.

102 әкімшілік іс қаралып, 7  азамат ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  10  азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды, 38 азамат әкімшілік  қамаққа алынып, көлік жүргізу құқықығынан 27 азамат айырылды

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

08/08/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат К. дүкеннің жанында шекілдеуіктің қалдығын тастап, ортақ пайдалану орындарын ластай отырып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.