Архив событий

31/07/2017

Целиноград аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

31/07/2017

Целиноград аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 65 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 2 іс медиация тәртібімен, 14 іс тараптардың татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды. Тергеу судьясымен 259 өтінішхат қаралды.

706 азаматтық іс қаралып, 23 азаматтық іс медиация тәртібімен, 7 азаматтық іс судья медиатордың қатысуымен қаралған.

Ақмола облысы соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

31/07/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты мен татуластыру келісімдері белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзген үшін сот қаулысымен әкімшілік айыппұл тағайындалды

31/07/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзген үшін 1998 жылы туған  Көкшетау қаласының колледж студентіне қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, колледж студенті 2000 жылы туған азаматаша К-ның кәмелетке толмаған жасын біле тұра, дәмханада спирттік ішімдікті ішуге ұсыныс жасап, масаң күйге дейiн жеткiзген.

Қорғалжын аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

31/07/2017

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Халима Кембаева аудан тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» аудандық сотқа жеке меншік құқығын тану туралы сұрақтары бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар мен өтініштер сотқа жүгіну үшін қажетті құжаттарды жинау мен талап-арыздың мәтінін құрастырумен байланысты болды. Аудандық сотқа келген әрбір  келуші мен жүгінушіге сот төрағасы оларды қызықтырған сұрақтарға түсініктеме берді.

Сот тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны үшін айыппұл тағайындады

31/07/2017

Атбасар аудандық сотымен екі жеке кәсіпкер Әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің  463-бабының 1-бөлігімен («Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен  айналысу») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

Жеке кәсіпкерлер алкогольдік өнімді сатуға рұқсат беретін мемлекеттік лицензиясыз алкогольдік өнімді сатумен байланысты кәсіпкерлікпен айналысатындығы сотпен анықталды.Екі жеке кәсіпкер 25 АЕК көлемінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.