Ақкөл аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 42 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Ақкөл аудандық сотымен 2017 жылдың 7 айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабы бойынша («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы») 42 құқық бұзушыға әкімшілік жазалар тағайындалған, оның ішінде 33 жүргізуші алкогольдік масаң күйде, ал 9 жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.

Сот қаулыларымен 42 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабында («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 5 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 2-і азаматқа айыппұл, 35 азаматқа 3 жылдан 6 жыл мерзімге дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде жазалар тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі