Ақмола облысы соттарында істер тараптардың татуласуымен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен  қаралуда.   

Мысалға, Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 18 азаматтық іс тараптардың татуласуымен қаралды, соның ішінде медиация тәртібімен 16 азаматтық іс, партисипативтік келісіммен 1 азаматтық іс және 1 қылмыстық іс кәсіпқой медиатордың қатысуымен медиация тәртібінде қаралды.

 Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың 6 айында медиативтік келісім жасауымен  8 әкімшілік іс қаралды.

Астрахан аудандық сотында жол көлік оқиғасы (ЖКО) нәтижесінде келтірілген нұсқанды өтеу туралы азаматтық іс медиативтік келісім жасауымен қаралды.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау туралы қылмыстық іс кәсіби медиатордың қатысуымен қаралды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі