Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сотында медиация институтын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сотында «Ювеналдық сотының соттылығындағы істерді қарау барысында медиацианың рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Ақмола облысының білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы, медиаторлар, Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Ақмола облысының адвокаттар коллегиясының өкілі және НұрОтан» партиясының Ақмола облысы Жас Отан» жастар қанаты филиалы төрағасының орынбасары қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты: Ювеналдық соттағы азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында медиацианы қолдану және әрі қарай жетілдіру. 2017 жылдаң бастап ювеналдық сотта дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға кірісті. Пилоттық жобаның мақасаты- даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен  сотқа дейінгі реттеуді енгізу көзделген. Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың дауларын соттан тыс реттеу мүдделігін анықтау болып табылады.

«Дөңгелек үстелде» «Ювеналдық сотының соттылығындағы істерді қарау барысында медиацианың рөлі» тақырыбында баяндамаларымен кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сотының судьялары  сөз сөйледі.

Халықаралық құқық қолданушылық саласының тәжірибесі зерттеліп, медиация институтының үдерісі жайлы қорытындысында , қазіргі замандағы Қазақстанға дауларды реттеу жолының басқа түрлерін ендіру керек екендігі айқындалды. Медиацианың негізгі мағынасы болып, келісімге келу арқылы қоғамымызды демократияның жаңа денгейіне шығару болып табылады.

Сонымен қатар, халықаралық құқық қолданушылық саласының тәжірибесінде «Мектеп медиациясы» енгізіліп, баланың отбасынан бастап мектепке дейінгі және жоғары мектеп мекемелеріне дейін тұлға ретінде қалыптасып, дамуына тікелей ықпал етіп, барлық институттарда қолдану үшін есептелген инновациялық оқыту технологиясы болып табылады.

«Дөңгелек үстелде» өмірлік жағдайларда медиация арқылы дауларды реттеу туралы бейнебаян көрсетілді.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары өзекті мәселелерді талқылап, мектептерде «Дауларды шешу» пәнін енгізу, педагог-медиаторларды дайындау қажеттілігі, медиаторлардың мектептерде сөз сөйлеуі, «Жас Отан» қоғамдық қабылдау бөлімінде кәмелетке толмағандармен кеңес беруді өткізу, дауларды бастапқыда шешу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына медиаторларды шақыру тәсілдерімен медиацияның дамуына ықпал тигізетін ұсыныстар енгізілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі