Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 7 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Арқа ажары» газетінің өкілі Қ. Жүсіптің қатысуымен 2017 жылдың 7 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Айсулу Жуматова ағымдағы жылдың 7 айында сот қызметі оң нәтижелер көрсеткенін атап өтті. Сотпен 274 азаматтық, 279 әкімшілік және 42 қылмыстық іс қаралған.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолданумен 29 азаматтық және 2 қылмыстык іс қаралған.

Брифингте БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі