Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы мұғалімдердің тамыз кеңесінде баяндама оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын орындау мақсатыңда  Ақмола облысының білім басқармасы ғимаратында, білім өкілдерінің, маслихат депутаттарынын, судьялардын, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нур Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен тамыз кеңесі өткізілді.

Кеңесте «Ювеналдық сотының соттылығындағы істерді қарау барысында медиацианың рөлі» баяндамасымен Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А. Дюсебаев сөз сөйледі. Кеңесте, ювеналдық соттағы азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында медиацианы қолдану және әрі қарай жетілдіру жайлы айтылды. 2017 жылдаң бастап ювеналдық сотта дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға кірісу, пилоттық жобаның мақсаты- даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен  сотқа дейінгі реттеуді енгізу көзделген. Аталған жобаның мақсаттары: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың дауларын соттан тыс реттеу мүдделігін анықтау керек екендігі атап көрсетілді.

Күн тәртібіне қосылған сұрақтарды талқылау қорытындысында, іс-шараға қатысушылармен ювеналдық соттың және әділет органдарының балалардың құқықтарын қорғау туралы өзара іс-қимылдарына қатысты ұсыныстар әзірленді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі