Бурабай аудандық соты Елбасының «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында Бурабай әкімдігінің аппарат басшысының және ауылдык округтердің әкімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде кәсіби емес медиаторлардын санын көбейту туралы сұрақтар, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту туралы және Би-шешендер, Жыраулар және Алаш орда қайраткерлерінің есімдерін қаланың көшелеріне, ауылдарға беру туралы сұрақтар талқыланды.

Кездесуде сот төрағасы А.Балабеков «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды облыс соттарымен іске асырып жатқандығын атап өтті.

Судья А.Байкенова медиацияны дамытудың маңыздылығын айтып өтіп, кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу мен кенейту және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен медиацияны жүргізуі туралы іс-шараларды өткізу бойынша ауылдык округтердің акімдеріне өтініш білдірді.

Судья Е.Маштаев өз баяндамасында мемлекетті тілді қолдану мен дамыту қажет екенін атап өтіп, аппарат басшысына және ауылдык округтердің акімдеріне соттарға жолданатын материалдарды мемлекеттік тілде жолдауға ұсыныс жасады. Сонымен бірге, аудан белсенділеріне тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды белгілеп, олардың есімдерімен атауға ат салысуға шақырды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі