Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 2 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 2  әкімшілік іс қаралды.

Кәсіби емес медиатордың қатысуымен құқық бұзушы жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты, бір іс өндіріс бойынша қысқартылды, екінші іс бойынша тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі