Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары балалардың құқығын қорғау бойынша аймақтық семинардың жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айсұлу Жұматова және судья Бахытжан Жарылғасов «Заңмен байланыстағы адамдарды әлеуметтік қолдау аймағын құру, қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері: әйелдер мен балалар» бағдарламасы бойынша аймақтық семинарға қатысты.

Семинарды ұйымдастырушылар «Нұр Отан» партиясы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Право» қоғамдық қоры, ҚР бала құқықтары бойынша уәкілеттілік етуші, «Бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ-ы.

Семинардың мақсаты - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-тармағын іске асыру, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің арнайы стандарттық кешенді стратегиясын әзірлеу, балалардың заңмен қарым – қатынастарын ұйымдастыру сұрақтарына қатысты мәселелелерді шешу, мемелекеттік мекемелердін және ведомстволардың басты жұмысы сотталған адамдарды балалар мен әйелдердің қоғамынан шектемей қоғамға қосу.

Семинар жұмысына «НұрОтан» партиясының өкілдері, мемлекеттік органдар, прокуратура, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң балалар құқықтары және еларалық қарым-қатынас басқармасы, Көкшетау қаласы әкімінің орныбасары, Ақмола облысының ІІД өкілдері, пробация қызметінің, ювеналдық полицияның, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының және басқа да ведомстволық, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

 А.Жұматова өз баяндамасында өмірлік қиын жағдайларына тап болған балаларға назар аударып, ауыр жағдайлардан шығып, әлеуметтік қорғау жолдары туралы ұсыныс жасады.

Семинарда нақты жағдайлар бойынша шешім мен шаралар қабылданып, балалардың құқықтарын қорғау, жұмысты жетілдіруде органдардың әрекеттесуін орталықтандыру бойынша жүйелі жолдар көрсетіліп, талдаулар әзірленді.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі