Көкшетау қалалық сотында «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қалалық сотында прокуратура, жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері және судьялардың қатысуымен «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіріп алу бөлігіндегі, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар бойынша сот үкімдерін орындау сұрақтары талқыланды. Егерде Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының аумақтық палатысының басшылығына, сотталушылар және мемлекеттік органдармен сот актілерін орындамаса немесе талаптарға сәйкес орындамаса тиісті шаралар қабылдап, жазаны орындаудан бас тартқаны үшін айыппұл түріндегі жазаларын ауыр түрдегі жазаға ауыстыру жөнінде сотқа жүгіну туралы ескертілді.

Іс шара соңында төрағалық етуші қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі