Қорғалжын аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағандары үшін азаматтарға қатысты 10 әкімшілік іс каралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып табылады.

2017 жылдың 7 айында Қорғалжын аудандық сотында 10 әкімшілік іс қаралып, 10  азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды; оның ішінде 3 азаматқа айыппұл, 7 азаматқа қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалар тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар