Шортанды аудандық сотында 527 сот бұйрығы шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұйрық арқылы іс жүргізу оңайлатылған іс жүргізу болып табылады. Сот бұйрығын  өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Тараптар сотқа шақырылмайды, сот талқылауы жүргізілмейді.

Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылып, борышкерге жолданады.

Шортанды аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 527 сот бұйрығы шығарылған, ол жалпы қаралған азаматтық істердің 74 %-ын құрайды.

Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі