Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында әкімшілік айыппұлды уақытылы төлемегені үшін азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Сандықтау ауданының ішкі істер бөлімінің участкелік инспекторының қаулысымен  азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 440-бабының 1-бөлігімен  "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, ер азамат мемлекет пайдасына айыппұл соммасын төлемеген.

Сот қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы  кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі