Сот қаулыларымен 630 азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 7 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін  630 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 630 азамат  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабымен («Ұсақ бұзақылық») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 398 азаматқа айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, 232 азамат әкімшілік қамаққа алынды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі