Сот қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Целиноград аудандық сотында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот анықтағандай, азамат Н. қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартыла тұра, адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын күйде, қайталап қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішкен.

Сот қаулысымен азамат Н. Әкімшілік құқық бұзышылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 440-бабының 4-бөлігімен («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, төрт тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі