Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылатын, азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат Ж. сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Осыған байланысты, азамат Ж-ға қатысты сот приставы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырған.

Сот қаулысымен азамат Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі