Жақсы аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы азаматтарға қатысты 24 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Жақсы аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 24  әкімшілік іс қаралды.

12 азаматқа қатысты әкiмшiлiк істер құқық бұзушының жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды, медиация тәртібімен 4 әкімшілік іс кәсіби емес медиатордың қатысуымен тоқтатылды, 8  азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 құқық бұзушыға әкімшілік ескерту, 6 азаматқа қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі