Архив событий

03/05/2016

Ақмола облысының судьялар корпусы Жеңіс күні құрметіне спорт жарыстарын өткізді

03/05/2016

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Ақмола филиалы облыс судьяларының корпусы үшін Ұлы Жеңіс күні құрметіне спорт жарысын өткізді.

Спорт жарыстары «Динамо» спорт кешенінде келесі ойын түрлері бойынша өткізілді: дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд, мини-футбол мен волейбол.

Ақмола облыстық сотында Ұлы жеңістің 71-ші жылдығына судья майдангерлерге арналған портреттік галерея жасалды

03/05/2016

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Ақмола филиалының көмегімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, судья-майдангерлерге арналған естелік баннер жасады. Естелік баннерде Ұлы Отан соғысына қатысқан 27 судялардың портреттік галереясы орналасқан. 

Жеңіс күніне арналған. «Жауынгер және судья»

03/05/2016

Судья-фронтовик Соколов Валентин Васильевич 1947-1953 ж.ж. Ақмола облыстық сотының төрағасы.

Ақмола облыстық сотында бұрынғы  жұмыс істеген 13 төрағаның бесеуі майдангер болған. Олар, 2016 жылы 29 сәуірде 97 жасқа келген Астана қаласының тұрғыны А.П.Торкин, П.П.Белоусов, В.В.Соколов, С.С.Сақбаев және В.А.Зинченко.

Сот 3 жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

03/05/2016

Бурабай аудандық соты азамат Р-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Р. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталған.  Осы әрекетімен, ер адам Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Жеңіс күніне арналған. «Жауынгер және судья»

03/05/2016

Судоплатов Мефодий Васильевич-1910-1970ж.ж. 1930 жылдары Сталин (осы кезде Ақкөль) аудандық сотының судьясы.

Біздің, бұл әңгімеміздің кейіпкері 1910 жылы туған майдангер-судья  Мефодий  Васильевич Судоплатов.

Өкінішке орай, Ақмола облыстық сотының ардагерлер кеңесінің, Аршалы, Аққөл аудандық соттарының іздестіру шаралары белсенді түрде ұйымдастырылып жатса да,  Мефодий  Васильевичтің өмір жолы жайында толық деректер әлі табылған жоқ.

Жеңіс күніне арналған. "Ержүрек офицер және заңдылық сақшысы"

03/05/2016

Кононенко Андрей Ефимович-1922-2000ж.ж. Көкшетау облысы Рузаев, Володар, Ленинград және Кокшетау аудандық соттарының в 1949-1982ж.ж. судьясы және төрағасы (қазір Рузаев ауданы Ғ.Мусрепов, Володар ауданы-Айыртау, Ленинград ауданы-Ақжар аудандары аталып Солтүстік Қазақстан облысына жатады, ал Көкшетау ауданы – Зеренді ауданы аталып Ақмола облысына жатады)

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізген дәріс сабағына қатысты

03/05/2016

Ақмола облысы соттарының қылмыстық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту тәртібінде дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын «Аффект жағдайында, қажеттi қорғанысты асыра пайдалану кезіндегі қылмыстарды саралау сұрақтары. Қажеттi қорғаныс» тақырыбында Жоғарғы Сот судьясы Р.Жакудина онлайн режимде өткізді.