Архив событий

24/05/2016

Татуластыру рәсімдері жолдарының бірі татуласу келісімін жасау

24/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 175-бабына сәйкес татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.

Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Азаматтық сот ісін жүргізуде тараптардың татуласуы

24/05/2016

Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не Азаматтық процестік кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Есіл ауданының тұрғыны есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін жазаға тартылды

24/05/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты Есіл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, полиция қызметкерлерімен жедел- іздестіру шараларын өткізу барысында Есіл ауданының тұрғыны ұсталынып,  тінту барысында    42,8606 грамм өлшеміндегі 7 қағаз орамасына оралған гашиш есірткі заты тәркіленгені анықталды.  

Сот шешімімен шарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүр ету туралы талап арыз қанағаттандырылды

24/05/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Ақмола облысы ішкі істер департаменті» ММ-нің «Т» ЖШС-не шарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүр ету туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізеді

24/05/2016

2016 жылдың 27 мамырында сағат 15.00-де Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Соттың жекеше қаулыларын орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелге Ақмола облысының прокуратура мен ішкі істер департаментінің өкілдері шақырылған.

Ақмола облыстық сотында жас судьяларымен тәлімгерлер Кеңесінің отырысы өткізілді

24/05/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьяларымен тәлімгерлер кеңесін өткізді.       

Жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары жас судьялардың тәлімгерлері болып табылады. 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас судьялардың менторы болып облыстық сотының судьялары тағайындалған.

Сот жұбайын өлтіргені үшін 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

24/05/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат масаң күйде жұбайын  қызғаныш салдарынан ұрған. Қорланған әйел масаң күйде пышақпен жубайына соққы жасаған. Алған дене жарақатынан ер азамат қылмыс орнында қайтыс болды.

Сот 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

24/05/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты Монғолия  Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Монғолия азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келіп, ішкі істер органдарында тіркеуге тұрғанда  мекен-жай көрсеткенімен, оны кейіннен ауыстырып,  мекен-жайы өзгергені туралы ішкі істер органдарына хабарламаған. Осы әрекетімен Монғолия азаматы көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары талаптарын бұзған.

Ақмола облыстық соты Ашық есік күнін өткізеді

24/05/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Ақмола облыстық соты 2016 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

24/05/2016

2016 жылдың 25 мамырында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.