Архив событий

25/05/2016

Татуласу келісімін орындау туралы

25/05/2016

Татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 178-бабына сәйкес ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

 

Сотпен татуласу келісімін бекіту

25/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 177-бабына сәйкес сот тараптардың татуласу келісімін бекітуі туралы өтінішхатын сот отырысында қарайды. Іске қатысатын адамдар сот отырысының өтетін уақыты мен орны туралы хабарландырылады.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптар сот отырысына келмеген және өтінішхатты олардың қатысуынсыз қарау туралы арыз болмаған жағдайда, сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қарамайды.

Азаматтық сот ісін жүргізуде татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны

25/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 176-бабына сәйкес татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері оларда сенімхатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасауға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.

Татуласу келісімі оларды орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуға тиіс. Татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді.

Ақмола облыстық соты «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды қолдану сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

25/05/2016

Ақмола облыстық сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық соттың судьялары, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура, облыстық әкімдік, Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы және қаржылық бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Сот билік өкіліне бағынбағаны және билік өкiлiне қатысты күш қолданғаны үшін айыппұл тағайындады

25/05/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат Ж-ға қатысты билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты, билік өкіліне бағынбағаны және билік өкілінің өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолданғаны үшін қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқару кезінде учаскелік инспекторымен тоқталылған. Медициналық куәландырудан өту туралы учаскелік инспектордың заңды талабына азамат Ж. полиция инспектордың бетінен соққы жасаған.

Жарқайың аудандық сотының сот бұйрығымен алимент өндіріп алынды

25/05/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азаматша К-ның алимент өндіріп алу туралы талап арызын қарады.

Сотпен, жауапкер Н-нан алимент өндіріп алу туралы арызбен азаматша К. сотқа жүгінді, себебі, 2010 жылы оның және жауапкердің арасында неке тіркелген және араларында бір бала бар. Қазіргі уақытта жауапкер Н. бөлек тұрады,  баланы  еркімен асыраудан бас тартқан. Талапкер сотта кәмелетке толмаған баласын асырау үшін жауапкерден өз пайдасына алимент өндіруді сұрады.