Архив событий

04/05/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау бөлігінде үкімдерді орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

04/05/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты  «Айыппұл тағайындау бөлігінде үкімдерді орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Көкшетау қалалық сотының қылмыстық істерді қарайтын судьялары, Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі  А.Тезекбаев, Ақмола облысы жеке сот орындаушылары өңірлік Палатасының басшысы Ж.Абулқасымова қатысты.

Сот кәмелетке толмаған ұлының үйден тыс жерде түнгі уақытта жүргені үшін әйелге әкімшілік айыппұл тағайындады

04/05/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел өзінің кәмелетке толмаған ұлын 23.00 сағаттан кейін түнгі уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттеріне жол берген.     

Көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

04/05/2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Азаматтық іс тараптардың татуласу келісімін жасауымен тоқтатылды

04/05/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты азаматша Б-ның жауапкер Д-дан қарыз шарты бойынша берешегін өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, тараптар өзара тиімді келіссөздер арқылы , татуласу келісіміне келді: жауапкер Д. азамтша Б-ға қарыз соммасын және өкілінің қызметтерін төлеуге міндеттенеді. Талапкер талап арыздардың талаптарынан бас тартты.

Сот татуласу келісімін бекітті

04/05/2016

2016 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтык процестік кодексінің жаңа редакциясында тараптарды татуластыру мәселелеріне аса маңызды назар аударылған. «Татуластыру рәсімдері» тарауында татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген.

Сот алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу туралы Ақкөл аудандық орталық емханасының өтінішін қанағаттандырды

04/05/2016

Ақкөл аудандық соты Ақкөл аудандық орталық ауруханасының  азамат Д-ны алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтініші бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д. Ақкөл аудандық орталық емханасының нарколог-дәрігерінде «Алкоголді пайдалану нәтижесінде психикалық және мінез-құлық ауытқулығы. Тәуелділік синдромы» диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Азамат Д. дәрігерге көрінбейді, өз еркімен емделуден бас тартады, бірнеше мәрте қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін полициямен жауапқа тартылған.

Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату

04/05/2016

Степногорск қалалық  соты азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат О. өз пәтерде болып,  жұбайына былапыт сөз сөйлеген. Осы әрекетімен, ер азамат жұбайына сыйламаушылық білдіріп, тұрғындардың үйіндегі тыныштығын бұзған.

Сот Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

04/05/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, 2016 жылдың 2 ақпанында Жарқайың ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тауардың таңбалауы болмағандығына байланысты, жеке кәсіпкерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамасын берді, бірақ жеке кәсіпкер аталған нұсқаманы орындамаған.

Қорғалжын аудандық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативті қаулыны талқылады

04/05/2016

Қорғалжын аудандық сотының судьялары «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулыны семинар сабақта талқылады.

Семинарға қатысушылар Нормативтік қаулыны қолданудың сұрақтарын қарап, азаматтық істер бойынша тәжірибені талқылады.

 

Астрахан аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

04/05/2016

Соттардың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Астрахан аудандық соты аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Сот төрағасының м.а. Н.Бекенов аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Ашық есік күні азаматтар мұрагерлік құқығын тану, сонымен қатар, тұрғын үйлерін қорғау құқығы сұрақтары бойынша өтініш білдірді. Азаматтардың барлық өтініштері мен сұрақтары талап арыздардың мәтінін жазу мен қажетті құжаттарды жинаумен байланысты болды.

Бөтен мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

04/05/2016

Атбасар аудандық соты бөтен мүлікті ұрлағаны үшін алты рет сотталған азамат С-ға ұрлық жасағаны үшін айыптау бойынша  қылмыстық іс қарады.

Сотта, сотталушы алкогольдік масаң күйде бола тұра, Атбасар қаласындағы азаматтардың дүкендері мен үйлеріне заңсыз түрде кіргені анықталды. Сот-наркологиялық сарапшылырдың қорытындысы бойынша азамат С. психологиялық  мінез - құлық ауытқуымен зардап шегуші деп танылған.   

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Медиацияны дамыту орталығы өзара әріптестік жөнінде ұзақ мерзімді меморандум бекітті

04/05/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары және медиаторлар «Татуласу рәсімдері институтын дамыту» тақырыбында кездесу өткізді.

Дөңгелек үстел басында судьялар, Медиацияны дамыту орталығының медиаторлары, прокуратура, құқық қорғау органдары мен Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері татуласу рәсімдерін қолдану жөнінде сұрақтарды талқылады.