Архив событий

12/05/2016

Татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

12/05/2016

Ерейментау аудандық соты Тайбай ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, ер адам  азамат  Ж-ның велосипедін ұрлап,  оған материалдық және моральдік залал келтіргені анықталды. Сот отырысында жәбірленушіден істі тоқтату туралы тараптардың татуласуына байланысты өтінішхат түсті.

2016 жылдың басынан Есіл аудандық соты 67 әкімшілік іс қарады

12/05/2016

2016 жылдың басынан Ақмола облысы Есіл аудандық соты көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 67 әкімшілік іс қарады.

Сотта, қаралған істер бойынша 67 азаматтардың алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны анықталған. Осы әрекетімен құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, жол қозғалысына қауіп төндірген.

Астрахан аудандық сотының қызметкерлері соғыс ардагерлерін құттықтады

12/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 71 – жылдығының құрметіне Ақмола облыстық сотының төрағасы және судьялары соғыс ардагерлері Н.Шевкопляс пен А.Кошкинаны мерекелерімен құттықтап, оларға гүлдермен естелік сыйлықтар табыстады.

Ардагерлер өздерінің алғыстарын білдіріп, судьялар қауымдастығына еңбек жолында табыс тіледі.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

12/05/2016

Жарқайың аудандық соты азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Н. азаматша В-дан ұрлаған ұялы телефонды ауыл тұрғынына бір шыны араққа сатқаны анықталды.

Сот отырысында жәбірленушіден тараптардын татуласуына және  келтiрiлген зиянды өтеумен байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш хат түсті.

Сотталғанға қаражатты беруге әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

12/05/2016

Жарқайың аудандық соты сотталғанға  ақшаны беруге әрекет еткені үшін азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел адам сотталғанмен мерзімді кездесуге келіп, тексеру барысында жеке заттардың арасынан 10000 теңге табылды. Әйел қаражатты сотталғанға беруге әрекет жасаған.  

Есіл аудандық соты тыл еңбеккерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

12/05/2016

Ұлы Жеңіс мерекесінің 71-жылдығының құрметіне Есіл аудандық сотының ұжымы тыл еңбеккері, сот ардагері және сот жүйесі ардагердің жұбайын Л.А.Қалимуллинаны құттықтады.

Кездесуде Ляля Абдуллақызы өз жұбайының, бұрыңғы аудандық сотының төрағасы Ә.Ш.Қалимуллиннің еңбек жолы және оның Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы естеліктерімен бөлісті. Л.Қалимуллина жұбайының фотосуреттері, ордендері, медальдар және бағалы сыйлықтарымен мараппатталғанын айтты.

Егіндікөл аудандық сотының ұжымы тыл еңбеккерін құттықтады

12/05/2016

Егіндікөл аудандық соты тыл  еңбеккері  Павел Никанорович Шевченконы Жеңіс күнімен құттықтады.  Сот ұжымы тыл еңбеккеріне сый тартып,көңіл бөліп, құрмет көрсетті. Сот ұжымы жыл сайын ардагерлер мен  тыл еңбеккерлерді құттықтайды. Бұл аға ұрпақпен сөз алмасуға және олардың баға жетпес еңбектері үшін алғыс білдіруге керемет мүмкіндік.  Павел Никанорович  сот ұжымына алғысын айтып, оларға денсаулық, береке және жұмыста табыс тіледі.

 

Жақсы аудандық соты дөнгелек үстел өткізді

12/05/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық сот төрағасының м.а. Г.Бақтығұлова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге судьялар, сот мамандары, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының және мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Ақмола облыстық сотының тәлімгерлер Кеңесі отырыс өткізеді

12/05/2016

2016 жылдың 13 мамырында сағат 10.00-де Ақмола облыстық сотының тәлімгерлер Кеңесі жас судьялармен отырыс өткізеді.

Жалпы отырысқа облыстық соттың төрағасы, тәлімгер Кеңесінің мүшелері және жас судьялар мен менторлар қатысады.

Жарқайың аудандық соты Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

12/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнің мерекелеу қарсаңында Жарқайың аудандық сотының төрағасы Н.Костырев, аудандық сотының судьялары және сот қызметкерлері соғыс ардагерлері Т.Г Борисенко, Т.С Пузина және В.П Редькинды құттықтады.

Судьялар ардагерлерге Ұлы Отан соғысында ерліктер мен каһармандық көрсеткені үшін алғыс айты. Сот ұжымы ардагерлерге сыйлықтар мен гүлдер сыйлады.

Судьялар соғыс ардагері Т.Борисенконы туған күнімен де құттықтады. Дәл осы күні Таисья Григорьевна 92 жасқа толды.

Ақмола облыстық соты семинар сабақ өткізеді

12/05/2016

2016 жылдың 13 мамырында сағат 15.00-де Ақмола облыстық соты сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, қамаққа алуға санкция беру, соттармен жазаны тағайындау және т.б. сұрақтар бойынша қылмыстық істерді қарайтын  облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді.