Архив событий

11/05/2016

Бурабай аудандық сотының ұжымы тыл еңбеккерін құттықтады

11/05/2016

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын тойлау құрметіне,  Бурабай аудандық сотының ұжымы тыл еңбеккері Богданова Прасковья Павловнаны мейраммен құттықтады.

Прасковья Павловна Щучье қалалық сотында 20 жылдан астам қызмет атқарды. Ол өз еңбек жолын 1965 жылы сот мұрағатшысы қызметінен бастап, сот отырысының  хатшысы, кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ерейментау аудандық соты әкімшілік іс қарады

11/05/2016

Ерейментау аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік  іс қарады.

Сотта, азамат Б. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталған. Осы әрекетімен  ер адам Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.