Архив событий

30/05/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот мамандарына семинар өткізді

30/05/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Штаттан тыс жағдай орын алғанда сот жүйесі қызметкерлерінің әрекеттері» тақырыбында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен семинар өткізді.  

Өз сөзінде сот приставы Д.Боранбаев қоғамдық тәртіпті топтық бұзушылықтарды ескерту, алдын алу және жол бермеу мақсатында, сот ғимаратында және аймағында штаттан тыс жағдай орын алған кезде, сот жүйесі қызметкерлерінің негізгі әрекеттерін талқылады.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім және оның орындалуы

30/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 182-бабына сәкес іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім, келісімді бекіту туралы ұйғарым Азаматтық процестік кодекстің талаптарына сәйкес келуге тиіс.