Архив событий

19/05/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты семинар сабағын өткізеді

19/05/2016

2016 жылдың 20 мамырында сағат 15.00-де Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және зерделеу. Процестік құжаттарды құрастыру. Заңның талаптары мен тәжірибесі. Қылмыстық істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбында семинар сабағын өткізеді.

Семинар сабаққа Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен қызметкерлері қатысады.

Татуласу келісімі - татуластыру рәсімдерінің бір түрі

19/05/2016

2016 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтык процестік кодексінің жаңа редакциясында тараптарды татуластыру мәселелеріне аса маңызды назар аударылған.         «Татуластыру рәсімдері»  бөлек тарауында татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін жасау сияқты тараптардың татуласу әдістері нақты реттелген. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Сот нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

19/05/2016

Шортанды аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қарттар мен мүгедектерге арналған дәрігерлік-әлеуметтік мекемесінің директорына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Қарттар мен мүгедектерге арналған дәрігерлік-әлеуметтік мекемесінің директорына санитариялық қағидалардағы анықталған бұзушылықтарды уақытылы жоймағаны туралы  ТҚҚБ-нің басқарушысымен нұсқамасы берілген. Көрсетілген нұсқамасында, тексеру нәтижесі бойынша директор санитариялық қағидалардағы анықталған бұзушылықтарды уақытылы жоймаған.  

Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауаптылық

19/05/2016

Шортанды аудандық соты Шортанды поселкесінің тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат масаң күйде қоғамдық орындарда болып, өзінің ұсқынсыз сыртқы келбетімен адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлаған. Оның алдында, ер азамат қоғамдық орындарға масаң күйде болғаны үшін, бір жылдың ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған.

Сот көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

19/05/2016

Жақсы аудандық соты жол-көлiк оқиғасын жасағаны үшін айыптау бойынша азамат Қ-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Қ. жүк тасу көлік құралын басқарып, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта келе жатқан жеңіл автокөлігімен соқтығысуына жол берді. Соқтығысуының нәтижесінде жеңіл автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болған.

Сот, сотталушының жасөспірім баласының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жай ретінде ескерді.

«Жер заңнамасын қолдану сұрақтары» тақырыбына қашықтықтан оқыту

19/05/2016

2016 жылдың 20 мамырында сағат 15.00-де «Жер заңнамасын қолдану сұрақтары» тақырыбына азаматтық істерді қарайтын  облыс судьялардың қатысуымен қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың үйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.