Архив событий

05/05/2016

Ақмола облысының судьялары соғыс ардагері, Жеңіс жауынгері Торкин Александр Петровичті 97 жасқа толумен және Ұлы жеңіс күнімен құттықтады

05/05/2016

Ақмола облысы ардагер судьялар кеңесінің төрағасы М.Ғибәділов, Целиноград аудандық сотының төрағасы Т.Тұрғамбаев және Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова Ақмола облыстық сотының төрағасы мен судьялар корпусы атынан отставкадағы судья, соғыс ардагері, Ақмола облыстық сотының бұрынғы төрағасы Александр Торкинді келе жатқан Жеңіс күнімен және туған күнімен құттықтады.

Жеңіс күніне арналған. «Батырлар елінің перзенті»

05/05/2016

Судья-майдангер Ғабдолбариев Нұрғали Ғабдолбариұлы-1912-1977ж.ж. 1944-1972 жылдары Атбасар аудандық сотының судьясы және төрағасы

Нұрғали Ғабдолбариев Атбасар уезіне қарасты №14 ауылда  малшылар отбасында дүниеге келген. 1931 жылға дейін туған колхозында жұмыс істеген.

Жеңіс күніне арналған. "Абылай Хан елінің перзенті"

05/05/2016

Майдангер-судья-Татембаев Кенжебай Татембайұлы – 1924-1949ж.ж.

2015 жылдың шілде айында, Щучинск қаласының тұрғыны Татембаев Кенжеболат Төлеубайұлы Ақмола облыстық сотының ардагерлер Кеңесі Ақмола-Көкшетау өңірінің майдангер-судьяларының өмірбаяндарын зерттеу жұмысын атқарып жатқанынан құлағдар болып, өзінің ағасы Татембаев Кенжебай Татембайұлы жөнінде қысқаша ғана қолжазба жолдады.

Жеңіс күніне арналған. «Тағы да бір Атбасар жерінің перзенті»

05/05/2016

Судья-майдангер Төлеутаев Дулат Төлеутайұлы 1947-1979ж.ж. Шортанды, Енбекшілдер және Ақкөл аудандық соттарының судьясы және төрағасы

Майдангер-судьялар жайындағы әңгімелер топтамасының бірінде Атбасар ауданы №14 ауылының тумасы Н.Ғабдолбариев жайында сөз еткен болатынбыз. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Д.Төлетаев та Ақмола облысы Атбасар губерниясының  көршілес №16 ауылында 1914 жылы туған.

Жеңіс күніне арналған. «Өмірін сот төрелігіне арнады»

05/05/2016

Судья-майдангер Галочкин Николай Тимофеевич – 1924 ж.т. 1945 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін сот саласында жұмыс істеді 1955-1957 ж.ж.- Көкшетау облыстық сотының төрағасы 1962-1971 ж.ж.-Ақмола облыстық сот төрағасының орынбасары

Көкшетау облыстық сотын соғыстан кейінгі жылдары төрт майдангер басқарды. Олар, судьялар Г.Х. Ахмедов – 1948-1955 жылдары, И.А Солуня – 1957-1959 жылдары, Н.Т.Галочкин – 1955-1957 жылдары және Н.И. Петров – 1959-1975 жылдары.

Сот 3 жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

05/05/2016

Жақсы аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сотпен, азамат  К. Жақсы ауданында  алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен(«Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.