Архив событий

06/05/2016

«Қазақстан Республикасы Судьялар одағының» Ақмола филиалы Жеңіс күні құрметіне өткізілген спорт жарыстарының қорытындысын шығарды

06/05/2016

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні құрметіне өткізілген салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Ақмола филиалының төрағасы Б.Баймырзин спорт жарыстарының қорытындысын шығарды. Жарыстардың жеңімпаздары Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мини-футбол бойынша 1-орынды Ақмола облыстық сотының судьялар командасы иеленді.

Волейбол бойынша 1-орынды Ақмола облысының аудандық соттарының командасы иеленді.

Ақмола облыстық соты Ұлы Отан соғысына қатысқан судьялары туралы кітап басып шығарды

06/05/2016

Ақмола облыстық соты ҚР Судьялар одағы Ақмола филиалының көмегімен Жеңіс күні құрметіне «Отан үшін отқа түскен судьялар» атты Ақмола өңірінің Ұлы Отан соғысына қатысқан судьялары туралы очерктер кітабын шығарды.

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізді

06/05/2016

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ашық есік күнін өткізді.

Ашық есік күні сотқа Кокшетау «Фемида» заң колледжінің студенттері келді.

Студенттер аудио-бейнежазбаны қолданумен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен РРеспубликасының Қылмыстық іРРллвалдвалдапмисм амавРРРРаапеа«Есірткі заттарын заңсыз сақтау» қылмыстық іс бойынша сот процессіне қатысты. Осы күні студенттер соттарда жаңа енгізіліп жатқан заманауй технологиялардың ерекшеліктерімен танысты.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған адамдарға қатысты Көкшетау қалалық соты 35 қылмыстық іс қарады

06/05/2016

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару бойынша Көкшетау қалалық соты 2016 жылдың 4 ай ішінде 35 қылмыстық іс қарады, оның ішінде 1 қылмыстық іс әйел азаматқа қатысты.

Мысалы, Көкшетау қалалық соты азаматша П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот шешімімен көрсетілген телефон қызметі үшін берешек өндіріліп алынды

06/05/2016

Қорғалжын аудандық соты  «Қазақтелеком» АҚ-ның азамат Ж-ға көрсетілген телефон қызметі үшін берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.       

Сот анықтағандай, азамат Ж. «Қазақтелеком» АҚ-ның көрсетілген телефон қызметін төлемеген және қарызды төлеуден жалтарған.

Сот шешімімен азамат Ж-дан «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына телефон қызметі үшін берешек өндіріп алынды.

  

Жеңіс күніне арналған. «Өмірін отан қорғау мен заңдылықты орнатуға арнады»

06/05/2016

Судья-майдангер Сәркенов Қайыржан Сәркенұлы-1919ж.-1988ж. 1939-1942ж.ж., 1947-1982ж.ж. Ерейментау және Астрахан аудандық соттарының төрағасы

Қ.Сәркенов Ақмола облысы Еркіншілік (бүгінгі Ерейментау) ауданының Благодатное ауылында дүниеге келген.

Жеңіс күніне арналған. «Әділ судья – ержүрек жауынгер»

06/05/2016

Судья-майдангер Ахмедов Ғизатолла Халидұлы 1949-1955 ж.ж. Көкшетау облыстық сотының төрағасы,

Өскелең ұрпақ үшін соғыс ардагерінің, сот жүйесінде қалтқысыз қызмет еткен аптал азаматтың  өнегелі өмір жолы әрқашан үлгі.  Оның өмірбаянының да өзіндік ерекшелігі бар. Ғизатолла Халидұлы 40 жыл өмірін сот ісіне арнаған адам. Қазақстанның төрт түкпірінде де адал еңбек етіп, өзінің ісімен көпке танылды. Еңбек жолын Батыс Қазақстаннан бастады. Одан кейін оған Қазақстанның төрт бұрышында болуға тағдыры нәсіп етті.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты дөңгелек үстел өткізді

06/05/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық қолдану – біздің міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сот аталған іс-шараны мемлекеттік тілдін мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Дөңгелек үстелге судьялар, Көкшетау қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлері және де әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыратын өкілетті тұлғалар шақырылды.

Жеңіс күніне арналған. «КРЕМЛЬДЕН РЕЙХСТАГҚА ДЕЙІН ЖОЛ КЕШТІ»

06/05/2016

Судья-майдангер Торкин Александр Петрович 1956-1962 ж.ж. Ақмола облыстық сотының төрағасы

Тағдыры қым-қиғаш қызықты оқиғаларға толы Александр Петрович Торкин 2015 жылы Жеңіс күні қарсаңында өзінің 96 көктемін қарсы алды. Ол кім дейсіздер ғой? Біздің кейіпкерімізді танымайтын оқырмандар назарына, 2014 жыл 29 сәуірінде газеттерде және «Заңгер» журналында ол туралы кеңейтілген очерк жарыққа шыққан. Ақсақалдың өмірбаянының кейбір тұстарына қайтадан  тоқталып кеткен жөн деп ойлаймыз.

Жеңіс күніне арналған. «Майдангердің есімі елеусіз қалмайды»

06/05/2016

Судья-майдангер Белоусов Павел  Петрович 1949-1967ж.ж. облыстық және ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болды 1953-1956ж.ж. Ақмола облыстық сотының төрағасы

Павел Белоусов туралы Ақмола және Қарағанды облыстық соттарының құжаттарында мардымды ақпарат жоқтың қасы. 1920 жылы дүниеге келгені ғана мәлім. Ал, туған жері, отбасылық жағдайы мен зейнетке шыққаннан кейінгі өмірі туралы әзірге еш дерек кездеспеген. Тек Ұлы Отан соғысына қатысып, жауынгерлік марапаттарға ие болғандығы белгілі.

Атыс қаруын заңсыз сақтаған

06/05/2016

Егіндікөл аудандық  соты  атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін азамат Х-ға қатысты қылмыстық іс қарады. 

Сотпен, азамат Х. өз үйінде атыс қаруы- мылтықты қолдан жасап заңсыз сақтағаны анықталды.