Архив событий

26/05/2016

Қорғалжын аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

26/05/2016

2016 жылдың 30 мамырында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты Қорғалжын ауданының тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың тұрғындарға сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі.

Сот 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

26/05/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. автокөлік құралын басқарып, солға  бұрылу маневрін орындау алдында жарық сигналын жақпаған. Нәтижесінде, азамат К. жол жүріс қауіпсіздік қағидаларының бұзылыуна, басқа автокөліктің бүлінуіне әкеп соққан және материалдық залал келтірген.

Көкшетау қаласының әкімшілік соты 48 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы материалдар қарады.

26/05/2016

Жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, оның әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері болмаған және оның жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде, жеке профилактика шарасы болып табылады. Жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеуді соттың санкциясымен ішкі істер органдары қолданады және адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге уақытша оқшаулаудан тұрады.

Сот бұйрығымен коммуналдық қызмет үшін берешек өндіріп алынды

26/05/2016

Шортанды аудандық соты «Шортанды Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азаматша О-ға коммуналдық қызмет үшін берешекті өндіріп алу бойынша сот бұйрығын шығару туралы талап арызын қарады.

Сот бұйрығымен «Шортанды Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның пайдасына азаматша О-дан 131 748 теңге көлемінде көрсетілген коммуналдық қызмет үшін берешек өндіріп алынды.

 

Сот шешімімен берешек ортақ тәртібімен өндіріп алынды

26/05/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  «Е» ЖШС-нің «Қ» ЖШС-і және «И» ЖШС-нен берешек сомасын өндіріп алу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, тараптардың арасында шарт жасалған, осыған байланысты тауар беруші «Е» ЖШС-і тауарды беруге міндеттенді, ал сатып алушы «Қ» ЖШС-і тауарды қабылдап, төлеуді міндеттенді. Бірақ жауапкермен төлем жасау бойынша шарт тиісінше орындалмаған. Сонымен қатар, «Е» ЖШС-і «И» ЖШС-нің арасында кепілдік шарт жасалған, осыған байланысты

Есірткі затты өткізгені үшін бас бостандығынан айырылды

26/05/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Д. есірткі затты - салмағы 8,12 грамм кептірілген марихуаннаны сату мақсатымен заңсыз үйінде сақтап, сатып алу барысында шартты сатып алушыға заңсыз сатқаны анықталды.

Сот құқық бұзушылық жасаған затты тәркілеумен айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

26/05/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты тыйым салынған мерзімде балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. балық аулауға тыйым салынған мерзімде тыйым салынған құралдармен балық аулап, Қазақстан Республикасында белгіленген балық аулау қағидаттарының талаптарын бұзған.

Сандықтау аудандық соты жекеше айыптау істерін қарау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

26/05/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған Сандықтау ауданының прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері және Сот медицинасы орталығының сот-медициналық сарапшысы  қатысты.