Сот 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. автокөлік құралын басқарып, солға  бұрылу маневрін орындау алдында жарық сигналын жақпаған. Нәтижесінде, азамат К. жол жүріс қауіпсіздік қағидаларының бұзылыуна, басқа автокөліктің бүлінуіне әкеп соққан және материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүріс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарының бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі