Архив событий

17/05/2016

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бір тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

17/05/2016

Жарқайың аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. қоғамдық орында Ұлы Отан Соғысының мемориалдық ескерткіштің жанында болып,  бөтен адамдардың алдында, кәмелетке толмаған К-ға қатысты былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған.

Билік өкiлiне қатысты күш қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық

17/05/2016

Шортанды аудандық соты азамат Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Қ. масаң күйде өзінің жұбайымен жанжал шығарып, әйелі жұбайын тоқтату үшін полиция қызметкерін шақырған. Шақырылған полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекетті болдырмау ескертуіне қарамастан, ер адам полиция қызметкерінің киімінің иық белгісін және галстугін жұлып алған. Осы әрекетімен азамат Қ. полиция қызметкерінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Нұсқамаларды орындамағаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды

17/05/2016

Шортанды аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін мектеп директорына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, мектеп директоры тексеру нәтижесі бойынша ТҚҚБ-нің басқарушысымен берілген нұсқамасында санитариялық қағидалардағы анықталған бұзушылықтарды уақытылы жоймаған.