Архив событий

27/05/2016

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізген дәріс сабағына қатысты

27/05/2016

Ақмола облысы соттарының азаматтық істер қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын  «Сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және жазаны орындау тәртібі, сотқа дейінгі тергеу өндірісіне және сот төрелігін атқаруға бөгет жасау»  тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы  Е.Рахымбеков онлайн режимде өткізді.

Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу

27/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 181-бабына сәйкес тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және оны орындау

27/05/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 180-бабына сәйкес іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес келуге тиіс.

Дауды медиация тәртібімен реттеу

27/05/2016

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

27/05/2016

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. 

Көкшетау қалалық сотының судьялары айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

27/05/2016

Көкшетау қалалық соты «Айыппұлдарды тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тықырыбына дөңгелек үстел өткізді.  Іс-шараға Көкшетау қалалық сотының судьялары, Көкшетау қаласы прокуратурасының өкілдері мен сот орындаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен жаза ретінде тағайындалған айыппұлдар бойынша үкімдерді орындау сұрақтарын талқылады.

Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері

27/05/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру

27/05/2016

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына сәйкес  Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.  Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының

Мемлекеттiк қызметшiлердің мемлекеттік лауазымдарын сыныптау

27/05/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік лауазымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қалыптастырылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгіленбейді.

«Сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және жазаны орындау тәртібі, сотқа дейінгі тергеу өндірісіне және сот төрелігін атқаруға бөгет жасау» тақырыбына судьялар үшін қашықтықтан оқыту

27/05/2016

2016 жылдың 27 мамырында сағат 15.00-де «Сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және жазаны орындау тәртібі, сотқа дейінгі тергеу өндірісіне және сот төрелігін атқаруға бөгет жасау» тақырыбына қылмыстық істерді қарайтын  облыс судьялары үшін қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың үйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.