Архив событий

23/05/2016

Сот 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

23/05/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат О-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта,  азамат О. алкогольдік масаң күйде көршісіне былапыт сөз сөйлеген. Полиция қызметкерлерінің ескертуіне ер адам басқыншылық көрсетіп, билік өкiлiне балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сот үкімімен азамат О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (« Билік өкiлiн қорлау») қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізген дәріс сабағына қатысты

23/05/2016

Ақмола облысы соттарының азаматтық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту тәртібінде дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын «Жер туралы заңнаманы қолдану сұрақтары» тақырыбында Жоғарғы Соттың судьясы Б.Мақұлбеков онлайн режимде өткізді.

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты кәсіби медиаторлармен кездесу өткізді

23/05/2016

Еңбекшілдер аудандық соты кәсіби медиаторлармен кездесу өткізді.   

Кездесуге әкімдік, әділет, прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері мен «Еңбек»  және «Медиация орталығы» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және ауданның кәсіби медиаторлары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты -  медиацияны сот өндірісінде жүйелі және дәйекті түрде енгізу бойынша мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Сот ер адамға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

23/05/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Г. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотороллер құралын мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнсіз басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.