Архив событий

13/05/2016

Егіндікөл аудандық сотының ұжымы жауынгер-интернационалист, судья А.Аушахимовты құттықтады

13/05/2016

Егіндікөл аудандық сотының ұжымы Ауғанстанда Кеңес әскерінің құрамында қызмет атқарған жауынгер-интернационалист судья Аушахимов Азамат Ескенұлын құттықтады.

Азамат Ескенұлы қызметін Ауғанстанда 1988 жылы біріктірілген жеке мотоатқыштар батальонында, 2-ші пулеметші болып Герат, Кандагар, Шинданд, Хайратон қалаларында, жарақат алғаннан кейін материалдық қамтамасыз етудің жеке батальонында жүргізуші ретінде әскери қызметін атқарған.  

Бұланды аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

13/05/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бұланды аудандық соты 2016 жылдың 16 мамырында сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін сот төрелігін жүзеге асыру сұрақтары бойынша аудандық сотының төрағасы мен кеңсе меңгерушісі қабылдайды.

                                                            

Сот ер адамға 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

13/05/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат В. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, басқа көлік құралына соққы жасаған. Осы әрекетімен, азамат В. әкімшілік жазаның бір жыл мерзімі өткеннен кейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6- бөлігі бойынша («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») қайта әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған.

Сот Өзбекстан Республикасының үш азаматына Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

13/05/2016

Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Өзбекстан Республикасының үш азаматтарына қатысты әкімшілік істер қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының үш азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, тиісті органдарының  рұқсат алмай еңбекпен айналысқан. Осы әрекеттерімен үш азамат Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны салысындағы  заңнамасын бұзған.

Көкшетау қаласында Достық үйінде медиация кабинеті ашылды

13/05/2016

Дауларды реттеудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі татуластыру рәсімдерін, оның ішінде медиацияны дамыту болып табылады.

Медиация институтын дамыту мақсатында облыс әкімі С.Кулагиннің қолдауымен Көкшетау қаласының Достық үйінде медиация кабинеті ашылды.