Архив событий

31/05/2016

Сот мүлкін тәркілеумен бас бостандығын бір жылға шектеу түріндегі жазасын тағайындады

31/05/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азаматша К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша К. танысының жеке куәлігін пайдаланып «Каспий банкінен» 196 389 теңгеге тұтыну несиесін алып, төлемеген.

Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының жұмыс істемейтінін және жәбірленушінің бас бостандығын айырумен байланысты жазаны тағайындамауды сұрағанын ескерді.

Сот отырысындағы тәртiп туралы

31/05/2016

Судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады. Шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 187-бабына сәйкес іске қатысатын адамдар мен сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар судьяға «Құрметті сот» деп сөйлейді.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

31/05/2016

Жарқайың аудандық соты азамат К-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. спирттік ішімдікті  ішіп, кикілжің салдарынан азамат Н-ға жамбасына пышақпен соққы жасап, артериясына зақым келтірген. Нәтижесінде алған пышақ соққысынан ер адам Жарқайың ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды.

Сотқа дейінгі  істі қарау кезінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процессуалдық  келісім жасалды.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот әйелге әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

31/05/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сот анықтағандай, азамтша Р. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған, ата-ананың тәрбиелеу және оқыту  жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдікті кәмелетке толмаған баланың қатысуында қолданады, оған үйде тұруына жағдай жасамай, балаға қатысты бақылау міндеттерін жүзеге асырмайды.

Сот адам өлтіргені үшін он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

31/05/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Щучинск қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады. Сотпен, азамат Ф-мен азамат Н-ның спирттік ішімдік ішу барысындағы, шыққан жанжал, төбелеске ұласқаны анықталды. Азамат Ф. алкогольдік масаң күйде азамат Н-ның кеудесіне ас пышағымен соққы салған. Нәтижесінде, ер адам пышақ жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Сот үкімімен азамат Ф.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту жасау

31/05/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына сәйкес ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша нысанда шығарылады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

31/05/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға,  азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға, функцияларын өздерінің лауазымдық

Сот татуласу келісімін бекітті

31/05/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалардың әкесін анықтау және асырауға алимент өндіріп алу  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотпен, тараптар арасындағы туған дауды реттеп, татуласу келісімі қорытындысымен істі тоқтату туралы сотқа өтініш ұсынғаны анықталды. Сот тараптардың  пікірін тыңдап, азаматтық істің материалдарын зерттеп, татуласу келісімін бекітті. Аталған іс бойынша іс тоқтатылды. Тараптарға татуласу келісімнің салдары түсіндірілді.