Архив событий

16/05/2016

Билік өкiлiне қатысты күш қолданғаны үшін сот қылмыстық жауапкершілікке тартты

16/05/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқару кезінде полиция қызметкерлерімен тоқталылған. Медициналық куәландырудан өту  туралы полиция қызметкерінің заңды талабына құқық бұзушы полиция қызметкерінің бетінен соққы жасаған.

Сот заңды талаптарды орындамағаны үшін айыппұл тағайындады

16/05/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен Бурабай ауданы әкімінің аппарат басшысына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Бурабай ауданы әкімінің аппарат басшысы тексеру комисияның тиісті ақпаратты беру туралы Ұсынулары бойынша  талаптарын көрсетілген мерзімде орындамаған.

Сот былапыт сөйлегені үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

16/05/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Н. алкогольдік масаң күйде күш көрсетумен қорқытып, әйеліне былапыт сөйлеген. Осылайша, ер адам бұрынғы жұбайының тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Н. Әкімшлік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде әкімшлік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Ерейментау аудандық соты 3 жыл мерзімге дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

16/05/2016

Ерейментау аудандық соты азамат  К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзышылық туралы іс қарады.

Сотта, азамат К. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталған. Осы әрекетімен ер адам Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот 3 тәуліктік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

16/05/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты Тәжікстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы аумағына 07.02.2016 жылы келіп, Қазақстан Республикасына келу мерзімін  06.03.2016 жылға дейін ұзарттып,  кейін  Қазақстан Республикасының шегінен шыққан жоқ және келу мерзімін ұзартпаған. 

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

16/05/2016

2016 жылдың 25 мамырында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Ақмола облыстық соты Ашық есік күнін өткізеді

16/05/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Ақмола облыстық соты 2016 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Еңбекшілдер аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

16/05/2016

Еңбекшілдер аудандық соты «Электронды атқару өндірісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, мамандар және сот орындаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелде «ТӨРЕЛІК» бағдарламасы арқылы орындау үшін электронды атқару парақтарын жолдау, сот орындаушылардың электронды бағдарламасы арқылы орындалуы туралы автоматты түрде белгілеу мен атқару парақтарын қайтару, санкция бойынша қаулыларды дұрыс жолдау сұрақтары қарастырылды. 

Сот 3 жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады

16/05/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта азамат К. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды.

Қорғалжын аудандық соты ардагерді Ұлы Жеңіс меркесімен құттықтады

16/05/2016

Қорғалжын аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері тыл еңбеккері, сот жүйесінің ардагері Садықов Кәрім Садықұлын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, ұзақ жылдарғы, әрі жемісті еңбегі үшін Кәрім Садықұлы 2015 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері» медалімен марапатталды.

Аудандық соттың судьялары ардагерге сыйлықтар табыс етті.