Архив событий

18/05/2016

Сот кәмелетке толмаған ұлының бұзақылық жасағаны үшін әйел адамға әкімшілік айыппұл тағайындады

18/05/2016

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Ж-ның кәмелетке толмаған ұлы сағат 22.00-де көшеде болып, тұрғын үйдің терезесін сындырған, осылайша кәмелетке толмаған бала ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Көкшетау қалалық соты дөңгелек үстел өткізеді

18/05/2016

2016 жылдың 25 мамырында сағат 11.00-де Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты «Айыппұлға қатысты бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында дөнгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелге Көкшетау қаласы прокуратурасы өкілдері мен сот орындаушылары шақырылды.

Сот адам өлтіргені үшін тоғыз жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

18/05/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  азаматша Ф-ға қатысты адам өлтіргені үшін  айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотпен,  азаматша Ф.  алкогольдік масаң күйде, жанжал барысында азаматша Х-ға   пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны анықталған. Алған дене жарақат салдарынан  азаматша Х.  қылмыс болған жерде  қайтыс болды.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

18/05/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. алкогольдік масаң күйде азамат С-ның денесіне көптеген жарақаттар жасаған және бас-миына зақым келтірген.  Жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілгеннен кейін қайтыс болды.

Сот көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

18/05/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты Әзірбайжан Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, Әзірбайжан Республикасының азаматшасы Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер органдарына есепке тіркеуге тұрды, бірақ заңмен көрсетілген мерзімде кетуден бас тартты. Осыған орай,  азаматша И. көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзғаны анықталған.