Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап Азаматтық проссетік Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мысалға, Аршалы аудандық сотында 2017 жылдың 7 айында 317 азаматтық іс қаралды, соның ішінде 16-сы медиация тәртібімен қаралып, 1 іс бітімгершілік келісіммен аяқталды, 34 қылмыстық іс қаралды, соның ішінде 4 іс медиация тәртібімен қысқартылды. Осы сотта судья-медиатордың қатысуымен некені бұзу туралы азаматтық іс медиацияны қолдануымен қаралды.

Ақкөл аудандық сотында  қарызды өндіріп алу туралы 2 азаматтық іс  медиацияны қолдануымен қаралды.

Зеренді аудандық сотында  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік іс медиация тәртібінде қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі