Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап Азаматтық процестік Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

 Медиацияны  қолдану бойынша  Қорғалжын аудандық сотында  кәмелетке толмаған баланың араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық іс қаралды, Көкшетау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  әкімшілік іс қаралды, Жақсы аудандық сотында  кәсіби емес медиатордың қатысуымен қасақана денсаулыққа зиян келтіру туралы 2 әкімшілік іс қаралды, 2 іс ұрып-соғу туралы, Астрахан аудандық сотында  кәсіби емес медиатордың қатысуымен  жала жабу туралы айыппен азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, Бурабай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі