Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап Азаматтық проссетік Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мысалға, Аршалы аудандық сотында азамат П-ға және азамат М-ға қатысты ұрлық туралы қылмыстық іс медиация тәртібінде қаралды. Осы сотта кәсіби медиатордың қатысуымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 3 әкімшілік іс қаралды.

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың басынан 72 азаматтық іс қаралды, 20 қылмыстық және 7 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Көкшетау қалалық сотында  ұрлық туралы және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу туралы 2 қылмыстық іс медиативтік келісім жасаумен қаралды.

Шортанды аудандық сотында  ағымдағы 2017 жылда 10 азамат әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, оның ішінде 6 іс отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, 4 іс ұрып-соғу бойынша.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі